21 жастағы нигериялық футболшының мәйіті табылды

Telegram WhatsApp

Қайғылы оқиға 25 мамыр күні тіркелген

әлеуметтік желі
әлеуметтік желі

Нигерия футбол федерациясы 21 жастағы нигериялық футболшы Виктор Удоның қайтыс болғанын ресми түрде хабарлады. Қайғылы оқиға 25 мамыр күні Нигерия астанасы Абуджада тіркелген.

Мәліметке сәйкес, жас шабуылшының денесі таңертең табылған. Бұған дейін ол кешкі уақытта достарымен бірге болғаны айтылуда. Әзірге өлімнің нақты себебі ресми түрде жарияланған жоқ. Алайда алдын ала болжамдар арасында тағамнан немесе алкогольден улану нұсқалары қарастырылып жатыр.

Нигерия футбол федерациясының қоғаммен байланыс жөніндегі директоры Адемола Оладжире ESPN басылымына берген пікірінде федерация бұл жағдайға қатты күйзелгенін айтты. Оның сөзінше, қазіргі таңда оқиғаның мән-жайына қатысты толық ақпарат күтіп отыр.

Виктор Удо бұған дейін Бельгияның «Антверпен» және Англияның «Саутгемптон» клубтарының жүйесінде өнер көрсеткен. Жас футболшы Нигерия футболының болашағынан үміт күттіретін ойыншылардың бірі саналған еді.

Пікірлер

Жүктелуде…

Материалда:

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 3 958 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 173 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 288 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 523 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 582 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 170 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 296 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 831 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 499 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 336 Shorts Ұлттық құрама – федерация үшін тығырық: Ван ’т Шкип пен Маннды алудың өзі соның бір дәлелі 308
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›