Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды

Бүгін, 10:00

«Қайрат» Чемпиондар лигасының жаңа маусымын өз алаңында бастайды

«Қайраттың» Чемпиондар лигасындағы алғашқы қарсыласы белгілі болды
ФК "Қайрат"

Швейцарияның Ньон қаласында 2026/27 жылғы УЕФА Чемпиондар лигасының бірінші іріктеу кезеңіне жеребе тарту рәсімі өтті. Нәтижесінде Қазақстан чемпионы «Қайрат» алғашқы кезеңде Черногорияның «Сутьеска» клубымен кездесетін болды.

Алматылық клуб жарысқа Қазақстан чемпионы ретінде қатысып, жеребе кезінде еленген командалар қатарына енді. Бірінші іріктеу кезеңінде Еуропаның түрлі елдерінен 28 команда бақ сынайды.

Жеребе қорытындысы бойынша «Қайраттың» қарсыласы Никшич қаласының «Сутьеска» командасы атанды. Бұл клуб Черногория чемпионатын алты рет жеңіп алған.

Екі команда арасындағы алғашқы матч 7 немесе 8 шілдеде Алматыда өтеді. Ал қарымта кездесу бір аптадан кейін Черногорияда ұйымдастырылады.

Айта кетейік, өткен маусымда «Қайрат» өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне жолдама алған болатын. Ол үшін алматылық ұжым төрт іріктеу кезеңінен сәтті өтті.

Сондай-ақ 17 маусым күні екінші іріктеу кезеңінің жеребесі өтеді. Егер «Қайрат» «Сутьескадан» басым түссе, келесі кезеңдегі ықтимал қарсыласын сол күні білетін болады.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам