Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстан президентінің күйеу баласы ұлттық құраманың 500 футболкасын сатып алды

Бүгін, 13:13

Өзбекстан ұлттық құрамасының 500 жейдесі бір сәтте сатылып кетті

Өзбекстан президентінің күйеу баласы ұлттық құраманың 500 футболкасын сатып алды
instagram.com/otabek_muhammadalievich_007

Өзбекстанда Халықаралық Олимпиада күніне арналған мерекелік іс-шара ерекше оқиғамен есте қалды. Елдің Ұлттық олимпиадалық комитеті президентінің орынбасары Отабек Умаров базарда ұлттық футбол құрамасының жейделерін сатып жүрген сатушыдан бірден 500 футболка сатып алған.

Оқиға Ташкент қаласындағы «Олимпиада қалашығында» өткен мерекелік шара барысында болған. Спорт мерекесіне қатысқан Отабек Умаров кездейсоқ сатушыдан ұлттық құраманың жейделерін толықтай сатып алып, кейін оларды мерекеге келген қатысушылар мен қонақтарға сыйға тартқан.

«Мүлде жаңа форматта ұйымдастырылған мереке спорт қоғамдастығының өкілдерін және жүздеген отандасымызды салауатты өмір салты мен Олимпиада құндылықтары аясында біріктірді», – делінген іс-шара туралы жарияланған хабарламада.

Айта кетейік, Отабек Умаров – Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің күйеу баласы. Ол мемлекет басшысының үлкен қызы Шахноза Мирзиеевамен отбасын құрған. Сонымен қатар Умаров Өзбекстан Ұлттық олимпиадалық комитеті басшылығының құрамында жұмыс істейді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам