Ол былтыр шымкенттік клубпен айтарлықтай нәтижеге қол жеткізе алмаған
Шымкенттік «Ордабасы» футбол клубы бас бапкер Андрей Мартинмен келісімшартты ұзартпақшы. Бұл туралы журналист Эльдар Аманбаев өзінің Telegram-каналында жазды.
Клуб қожайындары молдовалық маманға ұзақмерзімді контракт ұсынбақшы. Ол «Ордабасыға» 2024 жылдың аяғында келген болатын. Алғашқы маусымында команда айтарлықтай жетістікке жете алмаса да, дәл қазір ҚПЛ-де көп бастап келеді. Барлығы 15 матч өткізіп, бірде бірінде жеңілмеген.
Андрей Мартин бұған дейін молдовалық «Петрокуб» клубын жаттықтырды. Бұл ұжыммен ол 2023/24 маусымда ел чемпионы және Кубок иегері атанып, Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды.