Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Өзбекстанның тағы бір футболшысы еуропалық клубта доп тебуі мүмкін

Бүгін, 16:42

Қазіргі таңда Жахонгир Урозов Самарқанның «Динамо» клубының намысын қорғап жүр

Өзбекстанның тағы бір футболшысы еуропалық клубта доп тебуі мүмкін
instagram.com/jahongir___6/

Футболдан Өзбекстан құрамасының қорғаушысы Жахонгир Урозов Бундеслигада мансабын жалғастыруы мүмкін. Оған «Боруссия» (Мюнхенгладбах) клубы қызығушылық танытып отыр.

Kicker басылымының жазуынша, неміс клубы орталық қорғаушы позициясына жас футболшылар іздеп жатыр. 22 жастағы өзбек ойыншысы Әлем чемпионаты кезінде көзге түсіпті.

Өзбекстанның ішкі чемпионатында сәтті өнер көрсеткеннен кейін Урозовты Фабио Каннаваро ұлттық құрама сапына шақырған. Артынша Әлем чемпионатына алып кетіп, үш матчтың екеуінде негізгі құрамда шығарды.

Қазіргі таңда Жахонгир Урозов Самарқанның «Динамо» клубының намысын қорғап жүр. Бұған дейін Түркия чемпионатында «Эюпспор» сапында өнер көрсеткен.

Айта кету керек, Еуропаның гранд-клубтарында Өзбекстанның бірнеше футболшысы ойнайды. Атап айтқанда, Абдукодир Хусанов «Манчестер Ситиде», Элдор Шамуродов пен Аббосбек Файзуллаев «Истанбул Башакшехирде», Умарали Рахмоналиев «Сабах» клубында (Әзербайжан) доп теуіп жүр.

Өзбекстан құрамасы болса Әлем чемпионатының топтық кезеңінен аса алмады. Үш матчтың бәрінде жеңілген Каннаваро шәкірттері бірде-бір ұпай ала алмастан еліне оралды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам