Аргентинаның жеңістеріне қатысты дау бұған дейін де туындаған
Интернетте футболдан Аргентина құрамасын Әлем чемпионатынан шығарып тастауды талап еткен петиция жарияланды. Оны қолдап қазірдің өзінде 3 миллионнан астам адам қол қойған.
Петиция авторының пікірінше, ФИФА Лионель Месси мен Аргентина құрамасының жеңісіне мүдделі.
«ФИФА мен төрешілер Лионель Месси мен Аргентина құрамасына оң көзбен қарайды. Егер жеңімпаз алдын ала белгілі болып қойса, басқа әлем елдері неге жарысуы керек? Аргентина құрамасын чемпионаттан шығарып тастап, әрбір құрамаға әділ мүмкіндік беріңіздер», - деп жазылған петицияда.
Айта кету керек, Аргентинаның жеңістеріне қатысты дау бұған дейін де туындаған. Мәселен, Египет футболшысы Зико ФИФА-ны Аргентина пайдасы үшін жемқорлық жасады деп айыптаса, Алжир құрамасы төрешілердің үстінен шағым түсірді.
Петицияның заңды күші жоқ. Соған қарамастан қазірдің өзінде оған 3,2 млн адам қол қойып үлгеріпті. ФИФА Аргентинаны Әлем чемпионатынан шығарып тастамаса да, бұл жайт ұйымның имиджіне үлкен зиян тигізуі мүмкін.