Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, ҚПЛ-де қайтадан көш бастады

26.07.2026, 21:14

«Қайрат» бірінші айналымдағы жеңіліс үшін қарымта қайтарды

«Қайрат» «Ордабасыны» жеңіп, ҚПЛ-де қайтадан көш бастады
ФК “Қайрат”

Алматының «Қайраты» Қазақстан Премьер-лигасының 19-туры аясында өз алаңында шымкенттік «Ордабасыны» 2:1 есебімен жеңіп, турнир кестесіндегі бірінші орынға қайта көтерілді.

Орталық стадионда өткен кездесуде алаң иелері есепті 14-минутта ашты. Испаниялық шабуылшы Марк Гуаль Луиш Матаның нәтижелі пасынан кейін мергендігімен көзге түсті.

Екінші таймның соңына қарай «Қайрат» басымдығын арттырды. 87-минутта финляндиялық вингер Ойва Юккола Лев Кургиннің пасын голға айналдырды. Қонақтар тек қосымша уақыттың екінші минутында қарымта қайтара алды. Норвегиялық шабуылшы Бьорн Йонсен есеп айырмасын қысқартқанымен, матч тағдырына әсер ете алмады.

Кездесудің басында алматылықтар шығынға ұшырады. Португалиялық шабуылшы Жоржинью жарақат алып, небәрі сегізінші минутта алаңнан кетуге мәжбүр болды. Оның орнына шыққан Юккола кейін жеңіс голдарының бірін соқты.

Осылайша Рафаэль Уразбахтин жаттықтыратын «Қайрат» бірінші айналымдағы 1:2 есебіндегі жеңіліс үшін қарымта қайтарып, 45 ұпаймен ҚПЛ турнирлік кестесінің көшіне шықты.

Ал Андрей Мартин баптайтын «Ордабасының» еншісінде 43 ұпай қалды. Дегенмен шымкенттік клубтың қоржынында әлі бір ойын бар.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам