Сәтпаев бапкер үмітін ақтап, матчтың 7-минутында есеп ашты
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сә тпаев Лондонның «Челси» клубы сапындағы алғашқы голын соқты.
17 жастағы қазақстандық футболшы Аустралияның «Уестерн Сидней Уондерерс» командасына қарсы жолдастық кездесуді негізгі құрамда бастады.
Хаби Алонсо 17 жастағы қазақстандыққа алғашқы минуттардан сенім артты. Сәтпаев бапкер үмітін ақтап, матчтың 7-минутында қарсылас қақпасын дәл көздеп, «Челси» сапындағы алғашқы голын соқты.
Еске салайық, кездесу Сиднейдегі «Аккор» стадионында «Челсидің» маусым алдындағы турнесі аясында өтіп жатыр. Сәтпаев 18 жасқа толған соң, тамыз айында ресми түрде лондондық клубтың толыққанды ойыншысы атанады.