34 жастағы шабуылшы сары жейденің абыройы үшін барын салғанын айтты
Бразилиялық жұлдыз Неймар ұлттық құрама сапындағы мансабына ресми түрде нүкте қойғанын мәлімдеді.
«Сантос» шабуылшысы бұл туралы Оңтүстік Америка кубогының 1/16 финалындағы матчтан кейін айтты. Аталған кездесуде бразилиялық клуб Венесуэланың УСВ командасын 4:2 есебімен жеңді.
«Ұлттық құрамадағы уақытым аяқталды. Тарихта өз ізімді қалдырдым деп ойлаймын және соған қуаныштымын. Көп нәрсені бастан өткердім, осы сары жейденің абыройы үшін барымды салдым. Бірақ енді жалғастырғым келмейді», – деді Неймар.
34 жастағы шабуылшы үшін Бразилия құрамасындағы соңғы ірі турнир 2026 жылғы әлем чемпионаты болды. Ол мундиальда екі матч өткізіп, бір голды пенальтиден соқты.
Неймар ұлттық құрама сапында жалпы 130 матчқа қатысып, 80 гол және 59 нәтижелі паспен Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген әрі ассистент атанды.