Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Семсерлесуден тарихи алтын алған спортшыларға миллиондаған сыйақы төленеді

Бүгін, 16:24

Қазақстанның әлем чемпиондары қомақты сыйақыға ие болады

Семсерлесуден тарихи алтын алған спортшыларға миллиондаған сыйақы төленеді
Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстанның ерлер құрамасы семсерлесуден (шпага) әлем чемпионатында тарихи жеңіске жеткені үшін мемлекеттен қомақты ақшалай сыйақы алады.

Отандастарымыз әлем чемпионатының финалында Украина құрамасын 45:40 есебімен жеңіп, Қазақстан тарихында алғаш рет әлем чемпионы атанды. Алтын медаль иегерлері – Руслан Құрбанов, Ерлік Сертай, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Олимпиада бағдарламасына кіретін спорт түрінен әлем чемпионы атанған әрбір спортшыға 15 мың АҚШ доллары (шамамен 7,16 миллион теңге) көлемінде мемлекеттік сыйақы беріледі. Осылайша, төрт спортшыға төленетін жалпы сыйақы көлемі 60 мың долларды (шамамен 28,6 миллион теңге) құрайды.

Сондай-ақ, ұлттық құраманың бапкерлері де ақшалай марапатқа ие болады. Оларға 10 мың АҚШ доллары (шамамен 4,77 миллион теңге) көлемінде сыйақы қарастырылған.

Айта кетейік, бұл жеңіс Қазақстан семсерлесу тарихындағы ең ірі жетістік саналады. Былтыр Грузияда өткен әлем чемпионатында ерлер құрамасы қола жүлдеге қол жеткізсе, биыл сол нәтижесін жақсартып, әлем чемпионы атанды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам