Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

АПЛ өкілдері Дастан Сәтпаевқа ризашылығын білдірді

Бүгін, 09:48

АПЛ-дің баспасөз қызметі Сәтпаевтың алғашқы ойыны мен алғашқы голын да ерекше бағалап өтті.

АПЛ өкілдері Дастан Сәтпаевқа ризашылығын білдірді
ФК "Челси"

Ағылшын Премьер-лигасының X әлеуметтік желісіндегі ресми парақшасында Дастан Сәтпаевқа қатысты жазба пайда болды. Онда қазақ легионерінің дебюттік ойынын жоғары бағалаған.

Еске салайық, «Челси» соңғы жолдастық ойынын Аустралияда жергілікті «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы өткізіп, 6:4 есебімен жеңіске жеткен еді. Матчтағы алғашқы голды Дастан Сәтпаев соқты.

«Бұл әсерлі жас талант қазірдің өзінде «Челсидің» маусымалды дайындығында зор әсер қалдырып жүр», - деп жазылған аталған жазбада.

Сонымен қатар, АПЛ-дің баспасөз қызметі Сәтпаевтың алғашқы ойыны мен алғашқы голын да ерекше бағалап өтті.

«Оның Аустралияның «Вестерн Сидней Уондерерс» клубының қақпасына соққан голының видеосы лондондық клубтың Instagram парақшасында миллионға жуық лайк жинады.

Қазақстанда жастайынан жұлдызға айналған 17 жастағы шабуылшыға «Қайрат» клубы «Челсиге» ертерек қосылуға рұқсат берген болатын.

Сәтбаев Аустралияда сейсенбі күні өткен жолдастық кездесудің жетінші минутында болашақ командасын алға шығарды. Тартысқа толы матчта «Челси» «Вестерн Сидней Уондерерсті» 6:4 есебімен жеңді», - деп жазылған қазақ футболшысы туралы жазылған жазбаларда.

Дастан Сәтпаев «Челси» құрамында қала ма, жоқ па – оны бас бапкер Хаби Алонсо енді хабарлайды.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам