Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Сантос» музейінде Неймарға ескерткіш орнатылды

Бүгін, 14:13
«Сантос» музейінде Неймарға ескерткіш орнатылды
instagram.com/santosfc/

Бразилиялық «Сантос» футбол клубының музейіне Неймардың ескерткіш-бюсті қойылды. Салтанатты шараға даңқты футболшының өзі келіп, жанкйүерлеріне қолтаңба берді.

Айта кету керек, Бразилия құрамасының шабуылшысы – осы «Сантос» клубының тәрбиеленушісі. Ол өзінің прайм уақытында «Барселона», «ПСЖ» клубтарында ойнап, 2025 жылы туған жеріне оралды. Яғни, былтырдан бері «Сантос» намысын қорғап жүр. Биылдың өзінде ол 16 матчта 8 гол соғып үлгерген. Оның келісімшарт мерзімі 2026 жылдың соңында аяқталады.

Биылғы Әлем чемпионатында Бразилия 1/8 финалдан әрі аса алмай, Неймар ұлттық құрамадағы мансабын аяқтайтынын мәлімдеді. Ол «селесао» сапында барлығы 130 матч өткізіп, 80 гол соққан. Бразилия тарихындағы ең үздік сұрмерген.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам