Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Хаби Алонсо «Челсиде» жүрген 10 футболшының тек төртеуін қалдыратынын айтты

Бүгін, 14:57

Қазірдің өзінде «Челсиден» қорғаныста ойнайтын Бенуа Бадьяшиль, Трево Чалоба және Аксель Дисаси кетуге дайындалып жүр

Хаби Алонсо «Челсиде» жүрген 10 футболшының тек төртеуін қалдыратынын айтты
Getty Images

«Челси» клубының бас бапкері Хаби Алонсо команданы жаңа маусымға дайындап жатыр. Ол қаралымда жүрген он орталық қорғаушының тек төртеуін ғана қалдыруға ниетті екенін айтты деп жазады «Чемпионат» сайты.

Айта кетейік, лондондық клуб осыдан бірнеше күн бұрын «Кристал Пэластан» француз қорғаушысы Максанса Лакруаны сатып алған болатын. Мұнан кейін ұжымдағы орталық қорғаушылар саны онға жетті. Алонсо болса өзіне тек төртеуі қажет екенін айтып, команда ішіндегі интриганы қыздыра түсті.

Sky Sports басылымының жазуынша, қазірдің өзінде «Челсиден» қорғаныста ойнайтын Бенуа Бадьяшиль, Трево Чалоба және Аксель Дисаси кетуге дайындалып жүр. Бұлардан бөлек Джош Ачимпонг, Аарон Ансельмино, Ливай Колуилл, Уэсли Фофана, Мамаду Сарр және Тосин Адарабиойо орталық қорғаушы позициясында команда сапында қаралымнан өтіп жатыр.

Расталмаған деректерге сүйенсек, «Челси» Лакруаны «Кристал Пэластан» 60 млн еуроға сатып алған. Келісімшарт мерзімі – 2032 жылдың жазына дейін.

Айта кету керек, Хаби Алонсо қазақ футболшысы Дастан Сәтпаевты да «Челси» құрамында алып қалу мәселесін қарастырып жатыр. Ол Аустралияда «Вестерн Сидней Уондерерс» клубына қарсы өткен матчта есеп ашып, көзге түсті.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам