Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Франция чемпионы әлем чемпионатының кубогын сатып жіберді

Бүгін, 19:59

Менди әлем чемпионаты трофейінің көшірмесін 62 мың долларға сатты

Франция чемпионы әлем чемпионатының кубогын сатып жіберді
Әлеуметтік желі

Франция құрамасының бұрынғы қорғаушысы Бенжамен Менди 2018 жылғы әлем чемпионатындағы жеңісі үшін өзіне табысталған трофейдің ресми көшірмесін аукционда сатып жіберді.

Goldin аукцион үйі ұйымдастырған саудада лот 62,2 мың долларға (шамамен 54 мың еуро) өтті. Сауда барысында оған 38 өтінім түскен.

Айта кетейік, бұл – ФИФА-да сақталатын түпнұсқа әлем кубогы емес. Франция құрамасының әрбір ойыншысына жеке естелік ретінде берілген ресми көшірме. Трофейде Мәскеуде өткен финалға арналған арнайы жазуы бар. Сол кездесуде Франция Хорватияны 4:2 есебімен жеңіп, әлем чемпионы атанған.

Менди аукционға Поль Погба 2018 жылғы әлем чемпионатындағы жеңістен кейін командаластарына сыйлаған чемпиондық сақинаны да шығарған.

Бенжамен Менди 2018 жылғы әлем чемпионатына қатысқанымен, жарақатына байланысты турнирде аз ойын өткізді. 2017 жылы ол «Монакодан» «Манчестер Ситиге» 58 миллион еуроға ауысып, сол кезеңдегі тарихтағы ең қымбат қорғаушы атанған.

2021 жылы футболшыға жыныстық сипаттағы қылмыстар бойынша айып тағылып, мансабы тоқырауға ұшырады. Алайда 2023 жылдың шілдесінде сот оны барлық айып бойынша толық ақтап шықты. Кейін Менди мансабын қайта жандандыруға талпынып, «Лорьян», «Цюрих» клубтарында ойнады, ал 2025 жылдан бері Польшаның «Погонь» клубының намысын қорғап келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам