Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

«Ақтөбе» футбол клубына ресейлік маман бас бапкер болып тағайындалды

Бүгін, 02:42

Команда ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде 31 ұпаймен төртінші орында келеді

«Ақтөбе» футбол клубына ресейлік маман бас бапкер болып тағайындалды
ФК "Ақтөбе"

ҚПЛ-дің биылғы маусымын сәтсіз бастаған «Ақтөбе» футбол клубы бас бапкерін ауыстырды. Енді команданы ресейлік маман Игорь Черевенко жаттықтырады. Бұл туралы клубтың баспасөз қызметі мәлімдеп отыр.

51 жастағы Черевенко мәскеулік «Локомотивпен» Ресей Кубогін жеңіп алған. Одан бөлек ол «Балтика» (Калининград), «Арсенал» (Тула), «Химки» (Мәскеу облысы) және «Факел» (Воронеж) клубтарын, сондай-ақ Тәжікстанның «Истиқлол» (Душанбе) командасын жаттықтырған. Тәжікстандық командамен ол қатарынан үш жыл ел чемпионы атанды, Азия Чемпиондар лигасына шығарды.

Черевченко Тәжікстанда дүниеге келген және жергілікті «Памир» клубында ойнап, футбол шеберлігін сол жерде дамытқан. Кейінірек Ресейге қоныс аударып, мәскеулік «Локомотив» пен «Торпедо» және «Алания» (Владикавказ) командаларында өнер көрсетті.

Еске салайық, бұған дейін «Ақтөбеде» бас бапкер қызметін словак маманы Штефан Таркович атқарған болатын. Қазіргі таңда команда ҚПЛ-дің турнирлік кестесінде 31 ұпаймен төртінші орында келеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам