Ол Әлем чемпионатын өткізу құқығын жеке компанилардың құзырына беруді жоспарлап отыр
Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) президенті Джанни Инфантино ұйымдағы өзге шенділердің қолдауын жоғалтып, отставкаға кетудің алдында тұр деп хабарлады журналист Ромен Молина X әлеуметтік желісінде.
Дереккөздің мәліметінше, ФИФА-ның басшылар құрамына Инфантиноның АҚШ президенті Дональд Трамппен жақын қарым-қатынасы ұнамаған. Сондай-ақ, оның ұйымға қатысты маңызды шешімдерді әріптестерімен ақылдаспай, жеке өзі шешетіні де наразылық тудырған.
Жуырда ғана Инфантино футболдан әлем чемпионатын ФИФА емес, оның еншілес компаниясы өткізеді деген ақпарат таратқан болатын. Ал, ол компанияны жеке инвесторлар сатып алады. Нәтижесінде келесім мундиальды жеке кәсіпкерлер өткізуі ықтимал. Бұл бастама өз кезегінде УЕФА тарапынан қарсылық тауып, Еуропаның ұлттық құрамалары ФИФА-ға байкот жариялады (оның қатарында Қазақстан футбол федерациясы да бар).