Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Челси Тоттенхэмнен жеңілді: Дастан Сәтпаев ойынды құтқара алмады

01.08.2026, 16:46

Сәтпаев 70-минутта бразилиялық Эстевоның орнына алаңға шықты

Челси Тоттенхэмнен жеңілді: Дастан Сәтпаев ойынды құтқара алмады
ФК “Челси”

Лондонның «Челсиі» маусым алдындағы оқу-жаттығу жиынындағы екінші жолдастық кездесуінде «Тоттенхэмге» 1:2 есебімен есе жіберді.

Қазақстан құрамасының 17 жастағы шабуылшысы Дастан Сәтпаев матчты қосалқы құрамнан бастап, 70-минутта бразилиялық Эстевоның орнына алаңға шықты. Бұл – оның «Челсидің» негізгі командасы сапындағы екінші кездесуі.

Есепті бірінші таймда Сандро Тонали ашқанымен, араға көп уақыт салмай Эстево таразы басын теңестірді. Алайда ойынның тағдыры қосымша уақытта шешілді. Ришарлисон жеңіс голын соғып, «Тоттенхэмге» 2:1 есебімен жеңіс сыйлады.

Еске салайық, Сәтпаев бұған дейін Аустралияның «Уестерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуде (6:4) алғашқы голын соғып, көзге түскен болатын.

«Челси» маусым алдындағы дайындық аясында алдағы күндері «Ювентуспен» (5 тамыз), «Миланмен» (8 тамыз) және Малайзияның «Джохор» клубымен (9 тамыз) кездеседі.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам