Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Бас бапкерін ауыстырған «Ақтөбе» «Қызылжардан» жеңіліп қалды

01.08.2026, 22:13

Төреші «Ақтөбенің» екі ойыншысын алаңнан қуып жіберген

Бас бапкерін ауыстырған «Ақтөбе» «Қызылжардан» жеңіліп қалды
ФК "Қызылжар"

Футболдан Қазақстан Премьер-лигасының 20-тур ойындары өтіп жатыр. Күні кеше бас бапкерін ауыстырған «Ақтөбе» сырт алаңда «Қызылжармен» кездесіп, 1:3 есебімен жеңіліп қалды.

Алаң иелері небәрі екінші минутта есіп ашып кетті. Украиналық жартылай қорғаушы Евгений Макаренко дәл соққысымен көзге түсіп, «Қызылжарды» алға шығарған. Тайм аяқталар тұста «Ақтөбе» сапынан Яни Атанасов гол соғып, таразы басын теңестірді.

Екінші таймда төреші ақтөбелік футболшыларды «аяған жоқ», алдымен үш ойыншыға сары қағаз көрсетсе, 62-минутта Темірлан Ерлановқа екінші ескерту беріп, алаңнан қуды.

Бір ойыншымен артық ойнаған «Қызылжар» командасы 80-минутта есепте алға шықты, гол авторы – Этен Бугре.

Ал, 85-минутта «Ақтөбе» қорғаушысы Сенна Мианг ойын ережесін өте өрескел бұзып, қызыл қағаз алды. Алаңда небәрі тоғыз ойыншымен қалған қонақтар осылайша өз қақпасына үшінші голды жіберіп, жалпы матчта жеңіліс тапты. 89-минутта «Қызылжар» сапынан гол соққан  Лиридон Латифи.

Осы жеңістен кейін 22 ұпай жинаған петропавлдық команда турнирлік кестеде тоғызыншы орынға көтерілді. Ал, «Ақтөбе» болса үшінші орынға шығу мүмкіндігін жіберіп алды.

Еске салайық, күні кеше «Ақтөбе» бас бапкерін ауыстырған болатын. Бұған дейін команданы жаттықтырған словак маманы Штефан Таркович отставкаға кетсе, оның орнына Ресейден Игорь Черевенко келді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам