Дастан Сәтпаевты Алонсо сол қапталдың вингері позициясына да қоюы мүмкін
Лондонның «Челси» футбол клубы тәжірибелі ағылшын шабуылшысы Дэнни Уэлбекті ресми түрде қатарына қосты. 35 жастағы форвардпен келісімшарт мерзімі – 2028 жылдың жазына дейін.
«Челсиде» қаралымда жүрген қазақстандық футболшы Дастан Сәтпаев дәл осы Уэлбектің позициясында (орталық шабуылшы) ойнайтыны белгілі. Яғни, оның клуб сапында қалу мәселесі енді қиындай түсетіні анық. Өйткені, дәл қазірдің өзінде Хаби Алонсо орталық шабуылшы позициясына Дастаннан бөлек тағы жеті футболшыны қарастырып жатыр.
Атап айтқанда, Жоао Педро, Николас Джексон, Лиам Делап, Дэнни Уэлбек, Эммануэль Эмегха, Марк Гиу, Давид Датро Фофана сынды тәжірибелі шабуылшылар «Челси» сапында жүр.
Дастан Сәтпаевты Алонсо сол қапталдың вингері позициясына да қоюы мүмкін. Бұл амплуада дәл қазір Джейми Гиттенс пен Михаил Мудрик ойнап жүр. Яғни, қазақ футболшысы үшін бәсекелестік өте жоғары деңгейде.
Еске салайық, Дастан Сәтпаев «Челсидің» соңғы екі жолдастық матчында алаңға шықты. Алдымен «Вестерн Сидней Уондерерс» клубымен болған кездесуде гол соқса, бүгін «Тоттенхэмге» қарсы ойында 70-минутта алаңға шығып, көзге түсе алған жоқ.