Әйелінің көзіне шөп салған әйгілі футболшылар. Жаңа шығарылым!

ШҚО-да 4-сынып оқушысы Тоқаевтан стадион салып беруді сұрады (ВИДЕО)

26.02.2024, 18:43

Президент баланың тілегін орындайтынын айтты

ШҚО-да 4-сынып оқушысы Тоқаевтан стадион салып беруді сұрады (ВИДЕО)
Akorda.kz

ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысына жасаған сапары барысында кішкентай футболшылармен кездесті. Балалардың бірі Мемлекет басшысынан төбесі жабық стадион салып беруді сұрап, келісімін алды.

Президент Ольга Рыпакова атындағы жеңіл атлетика орталығын және оның базасында ашылған Жеңіл атлетика бойынша Облыстағы балалар мен жасөспірімдерге арналған олимпиадалық резерв мектебін аралап көрген.

Осы мектепте футбол үйреніп жүрген балалардың бірі жаттығу жасауға қажетті нысанның жоқтығын айтып, оны салып беруді сұраған.

«Біз – кішкентай футболшылар – сіздің ұлттық құраманы қалай қолдап жүргеніңізді көріп отырмыз. Біз үш жастан бастап футболға қатысамыз. Бірақ, біздің өңірдің ауа райы жыл он екі ай далада футбол ойнауға мүмкіндік бермейді. Сондықтан бізге төбесі жабық стадион салып беруіңізді сұраймыз. Егер салынса, біздің облыстан Ислам Чесноков секілді тағы да талантты футболшылар шығатынына сенімдімін», - деді кішкентай футболшы.

Қасым-Жомарт Тоқаев болса баланың тілегі қабыл болатынын бір ауыз сөзбен жеткізді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам