Алаңда жан тапсырған футболшылар. Жаңа шығарылым!

Арабтар Криштиану Роналдуды жазалауы мүмкін (ВИДЕО)

27.02.2024, 01:39

Оның мәселесін тәртіптік кеңес қарап жатыр

Арабтар Криштиану Роналдуды жазалауы мүмкін (ВИДЕО)
Getty Images

Сауд Арабиясының «Әл-Наср» клубында ойнайтын португалдық шабуылшы Криштиану Роналду ерсі қылығы үшін жазалануы мүмкін.

Ел чемпионатының кезекті туры аясында «Әл-Наср» мен «Әл-Шабаб» клубтары кездескен болатын. Қарсылас команда жанкүйерлері матч барысында Лионель Мессидің есімін атап, Роналдудың ашуын туғызбақ болған. Роналду болса трибунадағы адамдарға ерсі қылық көрсетіп, жұрттың сынына ілікті.

«Тәртіптік кеңес Криштиану Роналдудың жанкүйерлер алдында көрсеткен ерсі қылығын тексеруді бастап кетті. Оның бұл әрекеті көрермендердің наразылығын тудырып отыр.

Дереккөздің мәліметінше, тәртіптік кеңес алдағы екі тәулікте Роналдудың бұл әрекетіне байланысты нақты шешім қабылдайды», - деп хабарлады Asharq al-Awsat.

Саудиялық БАҚ өкілдері де португалдық даңқты футболшы жазалану керек деп жазып жатыр.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам