Жаңа ЖБ Шоу! Қайрат - Брюгге!

Әли Әлиев бас бапкерлік қызметтен кетті

04.08.2026, 19:22

Ол енді «Жеңістің» техникалық директоры қызметін атқарады

Әли Әлиев бас бапкерлік қызметтен кетті
ҚФФ

Астаналық «Жеңіс» футбол клубында кадрлық өзгеріс болды. Клуб Әли Әлиевтің негізгі команданың бас бапкері қызметінен кеткенін ресми түрде хабарлады.

Алайда қазақстандық маман клубтан кеткен жоқ. Ол енді «Жеңістің» техникалық директоры қызметін атқарып, клубтың спорттық дамуына жауап береді.

Клуб мәлімдемесінде Әли Әлиевтің бас бапкер ретіндегі еңбегі жоғары бағаланды. Басшылық оның командаға ойын мәнерін қалыптастыруға, спорттық құрылымды нығайтуға және клубтың дамуына қосқан үлесін ерекше атап өтіп, кәсібилігі мен адалдығы үшін алғыс білдірді.

Жаңа қызметінде Әли Әлиев селекциялық жұмысты жетілдіруге, футболшыларды даярлау жүйесін дамытуға, кәсіби командалардың жұмысын үйлестіруге және клубтың ұзақмерзімді спорттық стратегиясын жүзеге асыруға күш салады.

«Жеңіс» клубы негізгі команданың жаңа бас бапкерінің есімі жақын уақытта жарияланатынын мәлімдеді.

Айта кетейік, Қазақстан Премьер-лигасының 19 турында елордалық клуб 23 ұпаймен турнир кестесінің сегізінші сатысында тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам