Су тасқыны: футболшылар ақша жинады ма? "Реал" базасында Зиданмен бірге жаттықтық

Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады

27.02.2024, 01:54

Аталған тізім әлі де қысқарады

Қазақстан құрамасы Грекияға қарсы ойнайтын футболшылардың тізімін жариялады
Қазақстан футбол федерациясы

21 наурызда Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекияға қарсы матчқа Қазақстан құрамасынан кімдердің ойнайтыны белгілі болды деп хабарлады ҚФФ-ның баспасөз қызметі.

Бас бапкер Магомед Адиев барлығы 33 футболшыны жинады. Олар 8 наурызда Дубайда оқу-жаттығу жиынында жиналады. Ол аяқталғаннан кейін Афиныға баратын нақты құрам жасақталмақ.

Кеңейтілген тізім төмендегідей:

Қақпашылар: Игорь Шацкий, Бекхан Шайзада, Данил Устименко, Александр Заруцкий;

Қорғаушылар: Александр Марочкин, Ян Вороговский, Марат Быстров, Тимур Досмағамбетов, Еркін Тапалов, Роман Асранкулов, Руслан Валиуллин, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Бағдат Қайыров, Әділхан Таңжарықов, Нұралы Әліп, Александр Зуев, Лев Скворцов;

Жартылай қорғаушылар: Рамазан Оразов, Максим Самородов, Арман Кеңесов, Абзал Бейсебеков, Исламбек Қуат, Асхат Тағыберген, Самат Жарынбетов, Әділет Садыбеков, Ислам Чесноков, Бақтиер Зайнутдинов;

Шабуылшылар: Владислав Прокопенко, Рамазан Каримов, Эльхан Астанов, Иван Свиридов, Абат Аймбетов.

Айта кетейік, осы оқу-жаттығу жиыны барысында Қазақстан құрамасы Түрікменстанмен жолдастық кездесу өткізеді.

Футболдан әлемнің ең қызықты чемпионаттарын, соның ішінде Испания, Италия, Германия және Франция біріншілігін FONBET өз клиенттері үшін тегін көрсетеді. Егер тіркелмеген болсаңыз, қазір уақыты келді: 1bol промокоды арқылы тіркелген жаңа клиенттің әрбіріне 200 000 теңге бонус беріледі.
http://www.fonbet.kz/s/gAiU3i

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт