ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Инфантино футбол қауымдастықтарынан ресми түрде кешірім сұрады

Бүгін, 16:07

ФИФА басшылығы жіберілген қателіктерді мойындады

Инфантино футбол қауымдастықтарынан ресми түрде кешірім сұрады
Alex Wong / Getty Images

Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) FIFA Forward Enterprise (FFE) жобасын әзірлеу барысында жіберілген қателіктерді мойындап, ұлттық қауымдастықтардан ресми түрде кешірім сұрады.

Рабат қаласында өткен ФИФА басшылығының отырысына ұйым президенті Джанни Инфантино, бас хатшы Маттиас Графстрем және басқарма мүшелері қатысты. Жиынның негізгі тақырыптарының бірі бұған дейін тоқтатылған FIFA Forward Enterprise жобасы болды.

ФИФА басшылығы жобаны әзірлеу процесі дұрыс ұйымдастырылмағанын атап өтті. Ұйымның мәлімдеуінше, ұлттық қауымдастықтар мен ФИФА кеңесі талқылау үдерісінен тыс қалғандай әсерде болған. Бұған қоса, жоба туралы ақпарат БАҚ-та жарияланғаннан кейін де бірқатар қателік жіберілгені айтылды.

Осыған байланысты Джанни Инфантино мен Маттиас Графстрем ФИФА кеңесі мен ұлттық қауымдастықтарға жолдаған хатында ресми түрде кешірім сұрады.

Сондай-ақ ұйым жобаға қатысты ішкі тексеріс жүргізілетінін, оның қорытындысы ФИФА кеңесінің келесі отырысында ұсынылатынын хабарлады.

ФИФА FIFA Forward Enterprise жобасының толықтай тоқтатылғанын да растады. Жоба аясында еншілес компания құру жоспарланғанымен, оны іске асыру үшін ФИФА кеңесі мен ұлттық қауымдастықтардың мақұлдауы қажет болған.

Сонымен қатар, ұйым басшылығы жоба кері қайтарылғаннан кейін ФИФА-ның беделі мен басқару қағидаттарына қатысты негізсіз айыптауларға жол бермейтінін мәлімдеді. Ұйымның айтуынша, жоба әзірленген кезде қолданыстағы ережелер сақталғанымен, процесті ұйымдастыруда кемшіліктер болған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам