Ол өмірінің ондаған жылын ұлының футболшы болуына арнаған еді
Аргентиналық даңқты футболшы Лионель Мессидің әкесі Хорхе Месси қайтыс болды. Бұл туралы Infobae басылымы жазған.
Дереккөздің мәліметінше, марқұм ұзақ жылдар ауырған екен. Нақты қандай сырқат екені айтылмаған. Белгілісі, ол бүгін Росарио қаласындағы ауруханада көз жұмыпты.
Еске салайық, Аргентина Әлем чемпионатында Алжирды 3:0 есебімен жеңгеннен кейін Месси көз жасына ерік берген еді. Артынша ол жылауының себебін жеке өміріндегі ауыр жағдайдан деп түсіндірді. Сол сәтте журналистер оның әкесінің науқастанып жатқанын болжап жазды. Өйткені, мундиаль басталғаннан аяқталғанға дейін Хорхе Месси трибунадан көрінбеген.
Маусым айында Мессидің отбасы әкесінің расымен де ауырып жатқанын мәлімдеді. Дегенмен, алаңдайтын себеп жоқтығын, оның ем қабылдап жатқанын айтқан болатын.