Осылайша 49 ұпай жинаған «Ордабасы» «Қайраттан» төрт ұпайға ұзап, жеке көш бастады
Қазақстан Премьер-лигасының 21-турында «Ордабасы» «Жетісуға» қонаққа барып, 4:0 есебімен ойсырата жеңді және турнирлік кестедегі көшбасшылығын нығайта түсті.
Матчқа фаворит ретінде келген шымкенттік клуб ойынды бірден жоғары қарқында бастады. Толассыз шабуылдар 18-минутта жемісін берді, Амановичтің әуелете көтерген добына бірінші жеткен Эльхан Астанов баспен гол соғып, есеп ашты.
Екінші тайм басталған сәтте «Жетісу» қорғаушысы Степан Сикач өрескел қателесіп, Лео Наталь мұны ұтымды пайдаланды. Ал, 78-минутта Сұлтанбек Астанов талдықорғандықтар қақпасына үшінші голды соқса, арада небәрі екі минут өткенде Эвертон матчтағы нүктені қойды, қорытынды есеп – 4:0.
Осылайша 49 ұпай жинаған «Ордабасы» «Қайраттан» төрт ұпайға ұзап, жеке көш бастады. Дегенмен, алматылық клубтың бір ойыны кем.