ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері болды

08.08.2026, 23:39

Смақов бұған дейін «Жетісу» командасын жаттықтырды

Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері болды
ФК «Атырау»

Самат Смақов «Атыраудың» бас бапкері атанды. 47 жастағы маман бұл қызметте Владимир Чебуринді алмастырды.

Клуб Чебуринмен келісімшартты 7 тамызда тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатқанын жариялаған еді. Кейін маман бұл шешім команданың басшылығы ауысуына байланысты қабылданғанын түсіндірді.

Самат Смақовтың бапкерлік тәжірибесі аз емес. Ол Шымкенттің «Ордабасы» клубының жаттықтырушылар штабында жұмыс істеп, кейін Семейдің «Елімай» командасын басқарды. Смақовтың жетекшілігімен «Елімай» Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алды.

Сонымен қатар Смақов елордалық «Астана» клубында техникалық директор қызметін атқарып, Талдықорғанның «Жетісу» командасын жаттықтырды.

Смақов футболшы ретінде Қазақстан құрамасының сапында 76 матч өткізді. Ол ел чемпионы атанып, бұл жетістікке алты рет қол жеткізді. Сондай-ақ Қазақстанның үздік футболшысы атағын төрт рет иеленген.

Қазіргі таңда «мұнайшылар» Премьер-лигада 19 матчтан кейін 19 ұпай жинап, 13-орында тұр. Енді Самат Смақов алдында «Атыраудың» турнирлік жағдайын жақсартып, команданы Премьер-лигада сақтап қалу міндеті тұр.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам