ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қайрат» жасөспірімдері «Вердерді» ойсырата жеңіп, Швейцарияда финалға шықты

09.08.2026, 17:01

Алматылықтар Германияның «Вердер» командасын 3-0 есебімен жеңді

«Қайрат» жасөспірімдері «Вердерді» ойсырата жеңіп, Швейцарияда финалға шықты
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайраттың» 17 жасқа дейінгі командасы Швейцарияда өтіп жатқан халықаралық турнирдің финалына шықты.

Жартылай финалда қазақстандық жас футболшылар Германияның «Вердер» командасымен кездесіп, 3:0 есебімен сенімді жеңіске жетті.

Алматылықтар сапынан Тамерлан Сарсымбаев, Роман Черноморец және Ислам Рашидов мергендігімен көзге түсті.

«Қайрат» турнирдің топтық кезеңін де сәтті өткізді. Алғашқы матчта алматылықтар алаң иесі «Винтертурды» 1:0 есебімен жеңсе, екінші кездесуде «АКА Форарльбергтен» басым түсті. Соңғы турда португалиялық «Бенфикамен» 1:1 есебімен тең ойнады.

Осы нәтижелердің арқасында «Қайрат» үш ойыннан кейін жеті ұпай жинап, өз тобында бірінші орын алды. «Бенфика» алты ұпаймен екінші, «АКА Форарльберг» төрт ұпаймен үшінші орынға жайғасты. «Винтертур» ұпай жинай алмады.

Енді «Қайрат» U-17 халықаралық турнирдің басты жүлдесі үшін финалда өнер көрсетеді.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0
×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам