Турнир кестесіндегі үшінші орнын сақтап қалды
Қазақстан Премьер-лигасының 21-туры аясында «Астана» өз алаңында Көкшетаудың «Оқжетпесін» қабылдап, 2:1 есебімен жеңіске жетті.
«Астана Аренада» өткен кездесуде есепті қонақтар ашты. 20-минутта «Оқжетпестің» украиналық қорғаушысы Борис Лотоцкий мергендік танытып, көкшетаулықтарды алға шығарды.
Алайда елордалықтар араға сегіз минут салып таразы басын теңестірді. 28-минутта хорватиялық қорғаушы Карло Бартолец есепті 1:1-ге жеткізді.
Бірінші тайм аяқталуға жақын «Астана» тағы бір гол соқты. Команда капитаны Марин Томасов 45-минутта елордалықтарды алға шығарды.
Екінші таймда есеп өзгерген жоқ. Осылайша, «Астана» 2:1 есебімен жеңіске жетіп, үш ұпайды еншіледі.
Бұл жеңістен кейін Григорий Бабаян шәкірттері 38 ұпай жинап, Премьер-лиганың турнир кестесінде үшінші орнын сақтап қалды. Ал «Оқжетпес» 33 ұпаймен төртінші орында тұр.