Соңғы маусымда ол 21 ойын өткізіп, 10 гол соққан
Грек чемпионатында өнер көрсететін «Ламия» клубы «Астанаға» өз шабуылшысы Карлитосты сатты деп жазады Gazetta.gr. Футболшының жасы 33-те.
Испандық ойыншы үшін астаналық команда гректерге 300 мың еуро төлеуі тиіс. Осы процестер аяқталған соң Карлитос жаңа маусымды Қазақстанда бастайды.
Айта кету керек, испан легионері «Ламия» қатарына 2023 жылдың жазында қосылған. Оған дейін ол польшалық Легияда ойнады.
Соңғы маусымда Карлитос 21 матч өткізіп, 10 гол соқты және нәтижелі бес пас берді. Осылайша ол «Ламия» тарихындағы ең үздік бомбардир атанып отыр.