ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қайрат» өз алаңында «Ұлытауды» сенімді жеңді

15.08.2026, 22:51

Алматылық клуб Премьер-лигада қатарынан жетінші жеңісін тіркеді

«Қайрат» өз алаңында «Ұлытауды» сенімді жеңді
Видеодан кадр

Алматылық «Қайрат» Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 9-тур матчында өз алаңында Жезқазғанның «Ұлытауын» 3:1 есебімен жеңді.

Тимур Сегізбаев атындағы академия стадионында өткен кездесуде алғашқы таймда қонақтар бірнеше қауіпті шабуыл ұйымдастырғанымен, есепті алаң иелері ашты. Эдмилсон «Қайратты» алға шығарды.

Үзілістен кейін алматылық команда ойындағы басымдығын күшейтіп, Ойва Юккола есеп айырмасын арттырды. Кейін Азамат Тұяқбаев тағы бір гол соқты. Ал кездесудің соңғы нүктесін пенальтиден дәл көздеген Илья Черняк қойды – 3:1.

Осылайша, «Қайрат» Премьер-лигада қатарынан жетінші жеңісіне қол жеткізді. Алматылық клуб 48 ұпаймен турнир кестесінде екінші орында келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам