ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ислам Чесноков «Тобыл» сапындағы соңғы матчын өткізеді

Бүгін, 11:04

26 жастағы футболшы басқа клубқа ауыспақшы

Ислам Чесноков «Тобыл» сапындағы соңғы матчын өткізеді
ҚФФ

Қазақстан құрамасының 26 жастағы ойыншысы Ислам Чесноков Қостанайдың «Тобыл» клубымен қоштасқалы отыр.

Қазақстан Премьер-лигасының 22-туры аясындағы «Ертіс» – «Тобыл» кездесуі футболшының қостанайлық команда сапындағы соңғы ойыны болады. Осы матчтан кейін Чесноков Ресейге аттанып, мансабын «Крылья Советов» клубында жалғастырады.

Чесноков «Тобылға» биыл 28 маусымда Шотландияның «Хартс» клубынан оралған еді. Қостанайлық команда футболшымен 2028 жылдың соңына дейін келісімшарт жасасқан болатын. Алайда оның командадағы екінші кезеңі ұзаққа созылмады.

Бұған дейін Чесноков «Хартс» сапында 12 матч өткізіп, бір гол соққан. Шотландия клубына ол 2026 жылдың қысында еркін агент ретінде ауысқан.

Енді Қазақстан құрамасының ойыншысы Ресей чемпионатында бағын сынап, мансабын шетелде жалғастырады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам