ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Дастан Сәтпаев ауысқаннан кейін «Бернлидің» жанкүйерлері күрт көбейді

Бүгін, 18:43

Клубтың ресми Instagram парақшасындағы оқырмандар саны 850 мыңнан 934 мыңға дейін жетті

Дастан Сәтпаев ауысқаннан кейін «Бернлидің» жанкүйерлері күрт көбейді
instagram.com/burnleyofficial

Дастан Сәтпаевтың «Бернлиге» жалға берілгені туралы ақпарат тарағаннан кейін ағылшын клубының әлеуметтік желідегі жазылушылары бір тәулікте айтарлықтай өскен.

Клубтың ресми Instagram парақшасындағы оқырмандар саны 850 мыңнан 934 мыңға дейін жетіп, «Бернли» жаңа рекорд орнатты.

Еске салайық, 15 тамызда «Челси» Дастан Сәтпаевпен 2033 жылға дейін келісімшартқа отырғанын ресми түрде хабарлады. Кейін қазақстандық футболшыны «Бернлиге» бір маусымға жалға берді. Келісімде ойыншыны сатып алу мүмкіндігі қарастырылмаған.

Transfermarkt мәліметінше, қазақстандық шабуылшы «Бернли» сапында 12-нөмірмен ойнайды. Алғашқы ойын 16 тамызда «Вест Хэмге» қарсы өтуі мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам