ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы дебюті қашан өтеді

Бүгін, 09:40

«Бернли» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын «Вест Хэмге» қарсы өткізді

Дастан Сәтпаевтың «Бернли» сапындағы дебюті қашан өтеді
instagram.com/burnleyofficial

Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Бернли» сапындағы алғашқы матчын 23 тамызда өткізуі мүмкін.

18 жастағы футболшы Чемпионшиптің екінші турында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуде алаңға шығуы ықтимал.

«Бернли» жаңа маусымдағы алғашқы ойынын 16 тамызда өз алаңында «Вест Хэмге» қарсы өткізіп, 2:2 есебімен тең түсті. Алайда Сәтпаев бұл матчқа команда құрамына енгізілген жоқ.

Еске салайық, қазақстандық шабуылшының трансферлік құқығы «Челсиге» тиесілі. Лондондық клуб Сәтбаевты тұрақты ойын тәжірибесін жинақтауы үшін бір маусымға «Бернлиге» жалға берді.

«Бернли» өткен маусымда Англия Премьер-лигасында өнер көрсеткенімен, элиталық дивизиондағы орнын сақтап қала алмады. Енді команда Чемпионшипте қайтадан Премьер-лигаға оралуға талпынады.

Сәтпаев үшін 23 тамыздағы ойын Англиядағы жаңа кезеңінің ресми бастауы болуы мүмкін.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам