ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Бавария» ойыншысы Джамал Мусиала матч кезінде есінен танып қалды

Бүгін, 11:13

Жағдайға аптап ыстық пен жоғары физикалық жүктеме себеп болуы мүмкін

«Бавария» ойыншысы Джамал Мусиала матч кезінде есінен танып қалды
Getty Images

«Баварияның» жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала «РБ Лейпцигке» қарсы жолдастық кездесудің соңында алаңда есінен танып қалды.

Оқиға ойынның соңғы минуттарында болды. 23 жастағы футболшы бұған дейін гол соққан. Алайда көп ұзамай өзін жайсыз сезініп, алаңда құлай бастады. Осы сәтте оның командаласы Исмаэль Сайбари Мусиаланы дер кезінде ұстап қалып, жерге құлауына жол бермеді.

Дәрігерлер бірден алаңға шығып, футболшыға бірнеше минут бойы алғашқы көмек көрсетті. Кейін Мусиала есін жинап, өздігінен алаңнан шықты. Оның орнына Бара Ндиайе ойынға қосылды.

Германиялық ақпарат құралдарының мәліметінше, жағдайға аптап ыстық пен жоғары физикалық жүктеме себеп болуы мүмкін. Матч өткен уақытта Мюнхенде ауа температурасы 33 градустан жоғары болған. Алғашқы медициналық тексеру Мусиаланың денсаулығына қатысты күрделі мәселе анықтамаған.

«Баварияның» спорт директоры Макс Эберль де футболшының қазіргі жағдайына тоқталды.

«Қазір оның жағдайы жақсы. Ең маңыздысы — осы», — деді Эберль.

Кездесу «Баварияның» 3:1 есебімен жеңісімен аяқталды.

Айта кетейік, соңғы уақытта Мусиаланың болашағына қатысты түрлі ақпарат тараған еді. Атап айтқанда, түркиялық «Галатасарайдың» неміс футболшысын жалға алу мүмкіндігі қарастырылып жатқаны туралы хабарлар шықты. Алайда түркиялық клуб бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам