ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Канье Уэсттен кейін «Қайрат» Алматыға қайта оралды

Бүгін, 14:02

УЕФА шешімі: «Қайрат» «Андерлехтті» Алматыда қабылдайды

Канье Уэсттен кейін «Қайрат» Алматыға қайта оралды
ФК "Қайрат"

Алматылық «Қайраттың» бельгиялық «Андерлехтке» қарсы Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчы өтетін стадион белгілі болды.

УЕФА мәліметінше, кездесу 20 тамыз күні Алматының Орталық стадионында өтеді. Ойын 20:00-де басталады.

Бұл матч «Қайрат» үшін Еуропа лигасының негізгі кезеңіне шығу жолындағы маңызды қадам болмақ. Алматылық клуб бұған дейін Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінде Черногорияның «Сутьескасын» және Кипрдің «Омониясын» жарыстан шығарған. Алайда үшінші кезеңде болгариялық «Левскиден» екі ойынның қорытындысы бойынша жеңіліп, Еуропа лигасының плей-офф кезеңіне жолдама алды.

Айта кетейік, «Левскиге» қарсы қарымта кездесу Алматыдағы Орталық стадионда емес, Түркістандағы «Түркістан Аренада» өткен еді. Бұған Алматыда америкалық рэпер Канье Уэстің концерті өтуі себеп болған.

Ал «Андерлехт» Еуропа лигасының іріктеу кезеңін екінші кезеңнен бастады. Бельгиялық клуб алдымен шведтің «Хаммарбю» командасын жеңсе, үшінші кезеңде гркиялық ПАОК-тан басым түсті. Екі ойынның қорытындысы бойынша «Андерлехт» 4:2 есебімен келесі кезеңге өтті.

Командалар арасындағы жауапты кездесу 27 тамызда Брюссельдегі «Лотто Парк» стадионында ұйымдастырылады.

Екі ойынның қорытындысы бойынша жеңімпаз Еуропа лигасының негізгі кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген команда еурокубок жолын Конференция лигасының негізгі кезеңінде жалғастырады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам