ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Реалға» емес, «Барселонаға»: Әлем чемпионатының үздік ойыншысы таңдау жасады

Бүгін, 12:08

30 жастағы жартылай қорғаушы бұл трансферді көптен күткенін жасырмады

«Реалға» емес, «Барселонаға»: Әлем чемпионатының үздік ойыншысы таңдау жасады
Getty Images

2026 жылғы әлем чемпионатының үздік ойыншысы Родри «Манчестер Ситиден» «Барселонаға» ауысқанын растады. Испания құрамасының көшбасшыларының бірі Каталонияға келіп, жаңа клубтағы мақсатын да бірден айтты.

Спорт журналисі Фабрицио Романо Родридің Барселонаға келген сәтінен видео жариялады. 30 жастағы жартылай қорғаушы бұл трансферді көптен күткенін жасырмады.

«Осында болу – менің арманым! Біз Чемпиондар лигасы үшін де, барлық жүлде үшін де күресеміз», – деді Родри.

«Реалға» емес, «Барселонаға» таңдауы түсті

Родридің болашағына қатысты әңгіме шілде айының соңында қыза түскен еді. Сол кезде испаниялық БАҚ футболшының мадридтік «Реалмен» жеке келісімшарт талаптарын келіскенін, ал клубтарға трансфер құнын ғана анықтау қалғанын жазды.

Алайда тамыз айының басында жағдай өзгерді. Родри үшін күреске «Барселона» қосылып, ақырында футболшы каталониялық клубты таңдады. Оның агенті Пабло Баркеро да шешімді Родридің өзі қабылдағанын мәлімдеген.

Агенттің сөзінше, жартылай қорғаушы «Реал» басшылығына өз шешімін жеке хабарлап, ешкімді белгісіздікте қалдырғысы келмеген.

Әлем чемпионы және «Алтын доп» иегері

Родри 2026 жылғы әлем чемпионатында Испания құрамасымен бірге чемпион атанып, турнирдің үздік ойыншысы деп танылды. Екі жыл бұрын, 2024 жылы, ол France Football нұсқасы бойынша «Алтын допты» жеңіп алған еді.

Испаниялық жартылай қорғаушы «Манчестер Сити» сапында 2019 жылдан бері өнер көрсетті. Осы кезеңде ол Англия чемпионатын төрт рет жеңіп, Англия кубогы мен Лига кубогын иеленді. Сонымен қатар Чемпиондар лигасында, клубтар арасындағы әлем чемпионатында, УЕФА Суперкубогында және Англия Суперкубогында топ жарды.

Родридің «Манчестер Ситимен» келісімшарты 2027 жылға дейін есептелген болатын. Енді ол мансабын «Барселонада» жалғастырып, жаңа командасымен Чемпиондар лигасын қоса алғанда барлық жүлде үшін таласуға ниетті.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам