ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Египеттің бас бапкері екі әйеліне араша түсемін деп есінен танып қалды

18.08.2026, 17:18

60 жастағы маман қазіргі және бұрынғы әйелінің арасындағы жанжалды тоқтатпақ болған

Египеттің бас бапкері екі әйеліне араша түсемін деп есінен танып қалды
Коллаж 1bol.kz

Египет футбол құрамасының бас бапкері Хоссам Хасан демалыс кезінде күтпеген жағдайға тап болды. 60 жастағы маман қазіргі және бұрынғы әйелінің арасындағы жанжалды тоқтатуға әрекет жасап, есінен танып қалған.

Sky News Arabia мәліметінше, оқиға Египеттің солтүстігіндегі Марина-эль-Аламейн курортында болған. Хасан қазіргі жұбайы Дан-Адаммен демалып жүрген кезде бұрынғы әйелі Хувайда мен балаларын кездейсоқ кездестірген.

Екі әйелдің арасында алдымен қызу сөзталас басталып, кейін жағдай ушығып кеткен. Олар бір-бірін балағаттап, артынша төбелеске көшкен. Жанжал кезінде жұдырықпен соғып, аяқпен теуіп, тіпті бір-бірінің шашынан тартқан.

Хоссам Хасан әйелдерді ажыратуға тырысқан сәтте өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған. Оқиға орнына жедел жәрдем шақырылып, бапкер ауруханаға жеткізілді.

Соңғы мәлімет бойынша, Хасанның жағдайы қалыпты, денсаулығына қауіп төніп тұрған жоқ.

Хоссам Хасан 2026 жылғы әлем чемпионатында Египет құрамасымен сәтті өнер көрсетті. Оның командасы мундиаль тарихындағы үздік нәтижелерінің бірін көрсетіп, 1/8 финалға дейін жетті.

Плей-офф кезеңінде Египет Аргентинамен тартысты матч өткізіп, 2:3 есебімен жеңіліп қалды.

Әлем чемпионатындағы нәтижеден кейін Хоссам Хасанның ұлттық құрамамен келісімшарты 2030 жылғы әлем чемпионатына дейін ұзартылды.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам