ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Ислам Чесноков Самараның «Крылья Советов» клубына ауысты

18.08.2026, 22:15

«Крылья Советов» –Чесноковтың 2026 жылдың басынан бері ауысқан үшінші командасы.

Ислам Чесноков Самараның «Крылья Советов» клубына ауысты
ҚФФ

Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков мансабын Ресей Премьер-лигасында жалғастырады. «Тобыл» футболшысы Самараның «Крылья Советов» клубына жалға берілді.

Қостанайлық клубтың мәліметінше, тараптар бір жылдық жалға алу жөнінде келісімге келген.

«Ислам Чесноков — «Крылья Советов» ойыншысы. «Тобыл» футбол клубы мен ресейлік «Крылья Советов» Ислам Чесноковты жалға беру жөнінде келісімге келді. Сары-жасылдардың жартылай қорғаушысы Самара командасының сапында бір жыл өнер көрсетеді», – делінген клуб хабарламасында.

Transfermarkt дерегіне сәйкес, «Крылья Советов» келісім мерзімі аяқталғаннан кейін қазақстандық футболшыны толық сатып алу құқығына ие. Трансферді жүзеге асыру үшін 250 мың еуро төлеу қарастырылған.

Чесноков үшін биылғы үшінші клуб

Бір қызығы, «Крылья Советов» –Чесноковтың 2026 жылдың басынан бері ауысқан үшінші командасы.

Қаңтарда ол еркін агент ретінде шотландиялық «Хартсқа» қосылған болатын. Эдинбург клубында жарты жыл өнер көрсетіп, Шотландия чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

Маусым айының соңында футболшы Қазақстанға оралып, 28 маусымда «Тобылмен» ұзақмерзімді келісімшартқа қол қойды. Енді арада екі айға жуық уақыт өткенде Чесноков Ресей чемпионатына аттанып отыр.

«Крылья Советов» өткен маусымда РПЛ-ді 11-орынмен аяқтаған. Ал биылғы чемпионаттың алғашқы төрт турынан кейін Самара клубы 14-сатыда келеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам