«Пахтакор» «Аль-Насрмен» ойнайды
2026/27 жылғы АФК Чемпиондар лигасы Elite турнирінің негізгі кезеңіне жеребе тартылып, Өзбекстанның «Пахтакор» және «Нефтчи» клубтарының қарсыластары анықталды.
Жеребенің басты жаңалықтарының бірі — Криштиану Роналду өнер көрсететін «Әл-Насрдың» Ташкентке сапары. Сауд Арабиясының клубы «Пахтакормен» сырт алаңда кездеседі.
Осылайша, бес дүркін «Алтын доп» иегері Роналду Өзбекстан астанасында алғаш рет ресми клубтық матч өткізуі мүмкін.
«Пахтакор» өз алаңында «Аль-Насрдан» бөлек, Иранның «Эстегляль» және «Трактор», сондай-ақ Сауд Арабиясының «Әл-Кадисия» клубтарын қабылдайды. Ал сырт алаңда «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хиляль» және «Әл-Иттихадпен» кездеседі.
Өзбекстанның тағы бір өкілі «Нефтчи» өз алаңында «Әл-Ахли», «Эйр Форс», «Әл-Хиляль» және «Әл-Иттихадпен» ойнайды. Ферғаналық клуб сырт алаңда «Эстегляль», «Әл-Наср», «Трактор» және «Әл-Кадисияға» қарсы шығады.
Матчтардың нақты күні мен басталу уақыты кейін жарияланады.