ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Джамал Мусиала үш күн ішінде екінші рет алаңда есінен танып қалды

18.08.2026, 23:18

«Бавария» футболшылары Мусиаланы камералардан қалқалап тұрды

Джамал Мусиала үш күн ішінде екінші рет алаңда есінен танып қалды
© DeFodi Images / Contributor / DeFodi Images

«Бавария» мен Германия құрамасының жартылай қорғаушысы Джамал Мусиала жолдастық кездесу кезінде тағы да есінен танып қалды.

Оқиға «Хайденхаймға» қарсы матчта болды. 23 жастағы футболшы 61-минутта алаңға шыққанымен, арада бірнеше минут өткенде өзін жайсыз сезініп, есінен танып қалған.

Дәрігерлер бірден алаңға жүгіріп шықты. Осы сәтте «Бавария» футболшылары Мусиаланы камералардан қалқалап тұрды. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол дәрігерлердің сүйемелдеуімен алаңнан кетіп, киім ауыстыратын бөлмеге жеткізілді. Мусиала үшін матч 69-минутта аяқталды.

Бір алаңдататыны — бұл футболшының соңғы үш күнде осындай жағдайға екінші рет тап болуы.

15 тамызда «РБ Лейпцигке» қарсы жолдастық кездесуде де Мусиала есінен танып қалған еді. Ол кезде жағдай матчтың 83-минутында, гол соққаннан кейін болған. Бұған аптап ыстық себеп болуы мүмкін екені хабарланған және футболшы алаңнан өздігінен кеткен.

Әзірге «Бавария» Мусиаланың денсаулығына қатысты нақты диагноз немесе соңғы жағдайы туралы толық ақпарат жариялаған жоқ.

22 тамызда мюнхендік клуб Германия Суперкубогында дортмундтық «Боруссиямен» кездеседі. Мусиаланың бұл матчқа қатысу-қатыспауы әзірге белгісіз.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам