ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Лука Модричтің қызы «Реал» академиясына қабылданды

Бүгін, 13:12

13 жастағы футболшы енді Испанияда дайындалады

Лука Модричтің қызы «Реал» академиясына қабылданды
idman.biz

Хорватия футболының аңызы Лука Модричтің қызы Эма Модрич мадридтік «Реалдың» әйелдер академиясына қосылды. 13 жастағы футболшы енді Испанияда дайындалады.

Бұған дейін Эма «Миланның» U13 командасында өнер көрсеткен. 2026 жылдың көктемінде ол командасымен бірге Туринде өткен Coppa Garino турнирінде жеңіске жетті. Жарыстың жартылай финалында «Милан» «Интерді», ал шешуші кездесуде «Ювентусты» ұтқан.

Эма Модрич Италияға көшкенге дейін де «Реал» жүйесінде жаттыққан. Алайда сол кезде клуб академиясында оның жасына сәйкес келетін қыздар командасы болмағандықтан, тұрақты құрамға қосыла алмады.

Айта кетейік, оның әкесі Лука Модрич «Реал» сапында 2012 жылдан 2025 жылға дейін өнер көрсетіп, клуб тарихындағы ең табысты футболшылардың біріне айналды. Қазір 40 жастағы жартылай қорғаушы «Милан» намысын қорғайды.

Эманың Мадридке ауысуына байланысты Модрич отбасы да уақыттың басым бөлігін Испания астанасында өткізеді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам