ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Қайрат» «Андерлехттен» ірі есеппен жеңілді

20.08.2026, 22:38
«Қайрат» «Андерлехттен» ірі есеппен жеңілді
ФК “Қайрат”

Алматылық «Қайрат» Еуропа лигасының плей-офф кезеңіндегі алғашқы матчта бельгиялық «Андерлехтке» 0:3 есебімен есе жіберді.

Кездесу алаң иелері үшін сәтсіз басталды. Екінші минутта Яакко Оксанен допты өз қақпасына бағыттап, «Андерлехтті» алға шығарды.

24-минутта Лукаш Амброс бельгиялық клубтың басымдығын еселей түсті. Ал 38-минутта Александр Широбоков қызыл қағаз алып, «Қайрат» қалған уақытты он ойыншымен өткізуге мәжбүр болды.

Бірінші таймның қосымша уақытында Даниил Сикан тағы бір гол соғып, есепті 3:0-ге жеткізді.

Екінші таймда алматылықтар ойын барысын өзгертуге тырысқанымен, қарсылас қақпасын аша алмады. Нәтижесінде кездесу «Андерлехттің» сенімді жеңісімен аяқталды.

Қарымта матч 27 тамызда Брюссельде өтеді. Қос кездесудің қорытындысында жеңіске жеткен команда Еуропа лигасының жалпы кезеңіне жолдама алады. Ал жеңілген ұжым еурокубок маусымын Конференциялар лигасында жалғастырады.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам