ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

«Каспийге» бұрынғы бас бапкері қайта оралды

Бүгін, 11:33

«Каспийге» Премьер-лигаға жолдама әперген бапкер қайта оралды

«Каспийге» бұрынғы бас бапкері қайта оралды
ФК "Каспий"

Ақтаудың «Каспий» футбол клубында бас бапкер ауысты. Команда тізгінін Руслан Эсатов қайта ұстады. Оның тағайындалғанын клуб ресми түрде хабарлады.

Эсатов «Каспий» жанкүйерлеріне жақсы таныс. Өткен маусымда оның жетекшілігімен ақтаулық команда Бірінші лигада топ жарып, Қазақстан Премьер-лигасына жолдама алған болатын.

«Жанкүйерлерге жақсы таныс маман қайтадан команданы басқарады. Өткен маусымда Руслан Эсатовтың жетекшілігімен «Каспий» Бірінші лига чемпионы атанып, Премьер-лигаға жолдама алды. Қош келдіңіз, Руслан Сайцалиевич! Жаңа мақсаттарға қайтадан бірге ұмтыламыз!» – делінген клуб хабарламасында.

Жаңа бас бапкермен бірге команданың жаттықтырушылар штабында да өзгерістер болды. Асхат Құсайынов Эсатовтың көмекшісі болып тағайындалса, Ерлан Махамбедиев сараптамалық бағытқа жауап береді.

Руслан Эсатов командаға Премьер-лигадағы маусым жүріп жатқан тұста оралып отыр. Қазіргі таңда «Каспий» 23 ұпай жинап, турнир кестесінің 10-сатысында орналасқан.

Ал осыған дейін «Каспийді» жаттықтырған Ерлан Шойтымов қызметінен кетті. Ол Павлодарлық «Ертіс» футбол клубының тізгінін ұстады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам