ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Қырғызстан құрамасы хорватиялық бапкердің орнына жаңа бас бапкерді бекітті

Бүгін, 10:44

Қырғызстан құрамасы тізгінді өз маманына сеніп тапсырды

Қырғызстан құрамасы хорватиялық бапкердің орнына жаңа бас бапкерді бекітті
@kyrgyzkurama

Қырғызстан футбол құрамасының тізгінін Ұрмат Абдукаимов ұстады. Ол бұл қызметте хорватиялық маман Роберт Просинечкиді алмастырды.

Қырғызстан футбол федерациясының мәліметінше, Просинечкимен жасалған келісімшарт тараптардың өзара келісімі бойынша тоқтатылған. Енді ұлттық құраманы алдағы маңызды жарыстарға Абдукаимов дайындайды.

Жаңа бапкердің басты міндеті – Қырғызстан құрамасын 2027 жылдың қаңтарында Сауд Арабиясында өтетін Азия кубогының финалдық кезеңіне дайындау. Оған дейін команда қыркүйек және қазан айларында Бішкекте бірнеше жолдастық кездесу өткізеді.

Абдукаимов Қырғызстан футболына жақсы таныс маман. Қазір ол елдің Жоғарғы лигасында өнер көрсететін «Талант» клубының бас бапкері қызметін де атқарады. Бұған дейін ол ұлттық құрамада да жұмыс істеген. 2023 жылы словак маманы Штефан Тарковичтің бапкерлер штабында еңбек етіп, сол жылдың қорытындысы бойынша Қырғызстанның үздік бапкері атанды.

2025 жылдың жазында Таркович қызметінен кеткеннен кейін Абдукаимов ұлттық құраманың бас бапкері міндетін уақытша атқарған. Оның жетекшілігімен Қырғызстан Түрікменстанмен 1:1 есебімен тең түсіп, Оманға 1:2, Өзбекстанға 0:4 есебімен есе жіберді.

Кейін Абдукаимов Қырғызстанның U-23 құрамасын басқарды. Оның жетекшілігімен жастар құрамасы Таиландтағы жолдастық турнирде Таиландпен және БАӘ-мен 1:1 есебімен тең түсіп, Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді.

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам