Қырғызстанның барлық футбол құрамасын енді отандық мамандар жаттықтырады

Telegram WhatsApp

Қазір Қырғызстанның бес құрамасын жергілікті бапкерлер жаттықтырады

sport.akipress.org
sport.akipress.org

Қырғызстан футболында ұлттық мамандарға басымдық беріле бастады. Қазіргі таңда елдің негізгі құрамасынан бастап түрлі жас санатындағы командаларға дейінгі бес құраманың барлығын жергілікті бапкерлер басқарады.

25 маусымда Қырғыз футбол одағы ұлттық құраманың бас бапкері Роберт Просинечкимен ынтымақтастықты тоқтату туралы шешім қабылдады. Хорватиялық маманның орнына бұған дейін Қырғызстанның U-23 құрамасын жаттықтырған Ұрмат Абдукаимов тағайындалды.

Осылайша, Қырғызстан құрамаларының бас бапкерлік қызметіндегі соңғы шетелдік маман да орнын босатты.

Бұған дейін U-23 құрамасын украиналық Эдмар Ласерда жаттықтырған. Ал U-17 командасын 2025 жылы австриялық Александр Бауэр басқарды. Алайда ол Азия кубогының іріктеу кезеңінде Пәкістан мен Йеменнен жеңілгеннен кейін қызметінен кеткен.

Қырғыз футбол одағы бұған дейін 16 және 23 жасқа дейінгі ұлттық құрамаларды дамыту тұжырымдамасын қабылдаған. Құжатқа сәйкес, аталған жас санаттарындағы командалардың бас бапкері қызметіне тиісті біліктілігі бар отандық мамандар тағайындалуы тиіс.

Қазір Қырғызстанның бес құрамасын жергілікті бапкерлер жаттықтырады:

  • U-15 — Владимир Сало;
  • U-17 — Игорь Кудренко;
  • U-20 — Нұрбек Жолдошев;
  • U-23 — Надырбек Мамадалиев;
  • ұлттық құрама — Ұрмат Абдукаимов.

Осылайша, Қырғызстан футболындағы ұлттық құрамалар жүйесі толығымен жергілікті мамандардың қолына өтті.

Пікірлер

Жүктелуде…

Бүгін YouTube-та

«Арыс» Түркістан облысына керек емес. Футболға демеуші тарту проблема. Бірінші лигада ақша жоқ 18 968 Махмұд Сабырханға конкурент көбейді. Абылайхан боксты тастады ма? Нұрбек Оралбай кімге ренжіді? 58 621 Shorts Евгений Чебатков «Чай с Бубликом» жобасында қонақта болды 215 Shorts Нұрбек Оралбай “стабильный” боксшы, ол соңына дейін барын салып төбелеседі 300 Shorts Бокстан ел чемпионатында өңірлік бәсеке әділ бәсекелестіктен басым түсті 527 Shorts “Чемпион болу қиын, ал чемпиондық атақты қорғау одан да қиын!” 577 Shorts Қазақстан чемпионатынан Азия ойындарының үш жүлдегері босатылды, қалғандары ауырып қалды 287 Shorts 55 келі: Бексұлтан Қожамжар финалда сүрінді 173 Shorts Әділбек Қожахан ширек финалда үш дүркін чемпионды, жартылай финалда әлем чемпионын жеңді 297 Shorts Өзбекстан секілді 4 жылда бір ӘЧ-ге барғанша, жыл сайын Еуропа грандтарымен ойнаған дұрыс 835 Shorts Ұлттық құрамаға өз ісіне адал, ел футболына жаны ашитын азаматтарды жұмысқа тарту қажет 500 Shorts Қазақ футболы деген не? Аудиториясы бар, инфрақұрылымы жоқ дүние! 339
#
Команда
Ұпай
1
Пари Сен-Жермен
12
2
Реал Мадрид
12
3
Арсенал
10
4
Комо
9
5
Барселона
9
6
Манчестер Сити
9
7
Астон Вилла
9
8
Ливерпуль
9
9
Брюгге
9
10
Спортинг (Лиссабон)
9
11
Бетис
9
12
Боруссия (Дортмунд)
9
1/8 финалПлей-офф
Толық кесте · 36 команда ›