ҚПЛ 20-тур: Ордабасы көшбасшы болды. Ақтөбе қазақ бапкерлерге неге сенбейді? Қайрат ЛЧ-ге дайын

Асхат Тағыберген «Каспийге» қарсы матчқа қатыспайды

26.08.2026, 16:17

36 жастағы футболшы 21-турда «Қайсарға» қарсы өткен матчта ескерту алды

Асхат Тағыберген «Каспийге» қарсы матчқа қатыспайды
ФК "Тобыл"

«Тобылдың» тәжірибелі жартылай қорғаушысы Асхат Тағыберген Қазақстан Премьер-лигасының 24-туры аясындағы «Каспийге» қарсы кездесуді өткізіп алады. Бұған футболшының сары қағаздар лимитінен асып кетуі себеп болды. 

36 жастағы футболшы кейінге шегерілген 21-турда «Қайсарға» қарсы өткен матчта ескерту алды. Бұл Тағыбергеннің биылғы чемпионаттағы төртінші сары қағазы болды.

ҚПЛ регламентіне сәйкес, төрт сары қағаз жинаған футболшы келесі матчтан автоматты түрде шеттетіледі. Осылайша, «Тобыл» капитаны сырт алаңда өтетін «Каспийге» қарсы маңызды кездесуде командасына көмектесе алмайды.

Дисквалификация мерзімін өтегеннен кейін Тағыберген келесі турда қайта алаңға шыға алады.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам