ҚФФ комитет құрамына қайта қосылды
«Қайрат» футбол клубы Бақылау кеңесінің төрағасы Қайрат Боранбаев Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитетіне қайта сайланды.
21 қыркүйекте Астана қаласында ҚФФ-ның XXXI сайлау конференциясы өтті. Конференция қорытындысы бойынша Қайрат Боранбаев федерацияның Атқарушы комитетінің алдағы төрт жылға арналған жаңа құрамына енді.
Айта кетейік, бүгін Қайрат Боранбаев 60 жасқа толып отыр.