Ислам Чесноков Қазақстан құрамасындағы төрт матчқа қатыспайтын болды

Қазақстан құрамасының екі футболшысы жарақатына байланысты үзіліс алды

ҚФФ
ҚФФ

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Әлібек Қасым мен жартылай қорғаушы Ислам Чесноков жарақатына байланысты ұлттық құраманың алдағы ойындарына қатыса алмайды.

Әлібек Қасым қыркүйек айында Фарер аралдары мен Словакияға қарсы өтетін сырт алаңдағы кездесулерді өткізіп алады. Футболшының қашан алаңға оралатыны әзірге белгісіз. Оның қазан айында өз алаңымызда Молдова және Фарер аралдарына қарсы өтетін матчтарға қатысуы жарақатынан қаншалықты айыққанына байланысты болады.

Ал Ислам Чесноков Қазақстан құрамасының алдағы төрт кездесуінде де өнер көрсетпейді. Ұлттық құрама футболшыларға тезірек сауығып, алаңға оралуын тіледі.

Қыркүйек айында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Фарер аралдары мен Словакияға қарсы ойнайды. Қазан айында ұлттық команда өз алаңында Фарер аралдары және Молдовамен кездеседі.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам