Азия ойындарының футбол турниріне барлығы 15 құрама қатысып жатыр
Өзбекстан футбол құрамасы Жапонияда өтіп жатқан 2026 жылғы жазғы Азия ойындарында топтық кезеңді үш жеңіспен аяқтап, ширек финалға жолдама алды.
С тобының соңғы турында Өзбекстан құрамасы Вьетнаммен кездесті. Нагояда өткен матч өзбек футболшыларының 2:0 есебімен жеңісімен аяқталды. Кездесудің 5-минутында Мұхаммадали Урингбоев есеп ашса, 67-минутта Нұрлан Ибраимов есеп айырмасын еселеді.
Осылайша Өзбекстан құрамасы үш матчтың үшеуінде де жеңіске жетіп, 9 ұпаймен С тобында бірінші орын алды. Команда ширек финалда Оңтүстік Корея немесе Сауд Арабиясымен кездеседі. Вьетнам құрамасы да плей-офф кезеңіне өтті. Алайда олар топта екінші орын алды.
Айта кетейік, Азия ойындарының футбол турниріне барлығы 15 құрама қатысып жатыр. Оның сегізі ширек финалға шығады.
Қазақстан құрамасы Азия ойындарының футбол турниріне қатыспайды. Қазақстан футболы УЕФА аясында өнер көрсетеді.